Сообщения

Сообщения за январь, 2016

ҰЛЫ ДАЛА ЖӘНЕ ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ

Изображение
Қазақстанның кең-байтақ даласы әлемдік деңгейдегі жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Осы тұста Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Кең Дала» – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оның шаңырағын биік ете отырып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген» деп аса мән бере отырып қазақ елін «Ұлы дала елі» деп айтуында үлкен мағына жатыр. Кең-байтақ Ұлы далада ержүрек қазақ халқы осы кеңістіктің ыстығы мен суығына өзін қалыптастыра отырып, мал шаруашылығымен кең көлемде айналысып, оны өркендете білді. Өйткені, осы саламен халқымыздың тікелей ерте заманнан бастап айналысуына негіз де бар еді. Ол ең алдымен әлемдегі жайылым жер көлемі бойынша қазақ даласы (187 млн-ға) бесінші ел болып саналатындығы, ғасырлар бойғы тәжірибе нәтижесінде халқымыздың ата кәсібі саналатын мал өсірудің қыр-сырын терең меңгеруі, ал ең бастысы, Жар